Кәсіпкерлер Қытайдан медициналық құралдар жеткізді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін SCAТ әуекомпаниясының арнайы бортымен Қытайдан медициналық заттар жеткізілді. Жалпы көлемі 1 млн доллардың медициналық құрылғылары Алматы әкімдігіне берілді.
Он екі тоннаға жуық қорғаныс құраладырының қатарында – бетперде, респиратор, қорғаныс көзілдірігі, Dupont көпретті қорғаныс костюмдері, инфрақызыл термометрлер бар. Оның барлығы медицинаға, полиция, әскерилер мен төтенше жағдай қызмет өкілдерінің қажеттілігіне беріледі.Бұл операцияда қиындық тудырғаны пандемия кезінде сатып алынған жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы болды. Жүктерді Шанхайдан Алматыға жеткізу оңай болмады. Бұл тұрғыда көмек көрсеткен ҚР СІМ-не, еліміздің ол жақтағы елшілігіне алғыс білдіреміз,-дейді ұйымдастырушылар.
Жеке қорғаныс құралдарын сатып алып, елге жеткізген кәсіпкерлер қатарында Евгений Фельд, Асқар Алшынбаев, Есенғали Бәйменов, Нұржан Бекшенов, Райымбек Баталов бар.
Жеткізілген жүктің құрамында: 320 мың бетперде, 6,4 мың респиратор, 7 жұп қорғаныс көзілдірігі, 12,2 мың Dupont көпретті қорғаныс костюмдері, 440 мың қолғап, 3,16 мың инфрақызыл термометрлер бар. Қытай мен еуропалық кәсіпорындарда өндірілген бұл медициналық құралдар еуропалық сапа сертификатына ие.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді бірыңғай жиынтық төлемді төлеу оңай
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы