Павлодарлық кәсіпкерлер медициналық маска тіге бастады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде медициналық маскалар тапшылығы туындағандықтан, бұл өнім түрін жергілікті кәсіпорындар өздері тіге бастады.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 335 дәріхана бойынша мониторинг жүргізілуде. Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың маусымына байланысты медициналық өнімге сұраныс өсіп, тапшылық пайда болған. Бұны тауарлар мен көрсетілген қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары мойындап отыр.

Мамандардың мәліметінше, өткен жылдың қазанында басталған эпидемиологиялық кезеңде жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдығудың 14 мыңнан астам дерегі тіркелген.


Айта кетейік, бұған дейін дәріханаларда 200 мың маска болған. Бірақ, бір ай бұрын тапшылық пайда болды. Халықтың сұранысын өтеу мақсатында "Мерусар және К" кәсіпорны медициналық өнімді тіге бастады.

Өндіріс басшысы Марат Махановтың айтуынша, маскалар автоматты режимде жұмыс істейтін аппараттарда жасалады. Өнім бірінші кезекте арнайы станокта үш қабатты болып тігіледі, екінші аппаратта жіптері қосылады. Екінші жабдық сынып қалғандықтан, мамандар қолмен тіге бастаған.

Өндірістік қуаттылығым аз. Бір ауысымда 1000-ға жуық маска өндіреміз. Дайын өнім кейін газ камерасында залалсыздандырылады. Екінші құрал жұмыс істеген кезде, ауысымына 25 мың өнім шығаратын едік. Біз көбенесе жерглікті емдеу мекемелерін қамтимыз. Соңғы уақыттағы эпидемиологиялық жағдайдайға орай шикізат 3,5 есеге қымбаттап кетті, - дейді Марат Маханов.
Айта кетейік, өңірде короновирусты жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Бүгінде медициналық ұйымдар тиісті құралдармен қамтылып, мамандар кәсіби оқудан өтті.

Қазіргі уақытта бірінші категория бойынша Гонконг, Макао, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия елдерінен келген пациенттер дәрігерлердің қарауында. Екінші категория бойынша Сингапур, Таиланд Және Әзербайжаннан келген 114 азамат та дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы