Кәсіпкерлер коронавируспен күреске 100 млн теңгеден астам қаржы бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар "Шымкент – қайырымды қала" әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына да "Шымкент қайырымды қала" қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Күні бүгінге дейін қордың көмегімен қосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен 2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 дана медициналық киім тарату жоспарланып отыр.Айта кетсек, "Шымкент – қайырымды қала" қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар басқа да әлеуметтік пайдалы мәселелер. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы