7 наурызға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні елімізде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
7 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасы ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп жатқан циклон әсерінен еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр қар түрінде) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста – көктайғақ күтіледі, -делінген ауа райы болжамында.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, жаяу бұрқасын соғады.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде – шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.