Көші-қон қызметінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр, - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәуелсіздік жылдары түрмеде отырғандар саны 70 мыңға азайған
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы