Көше саудасы бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін астанада "Көше саудасы – 1000 орын" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Құжат қабылдау 30 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрованың айтуынша, бағдарлама шеңберінде 100 жер учаскесінде көше саудасы жүзеге асырылады, оның 80 gosreestr.kz сайтында және 20 Астана Innovations сайтында.Бұл жер телімдерінде жылжымалы тамақтану орынын, кофехана, нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, ажеміс-жидектер, газеттер, гүл дүңгіршегі, кәдесый дүкендерін ашуға болады.
"2017 жылдан бері жүргізілген конкурстар нәтижесі бойынша "Astana"ӘКК" АҚ кәсіпкерлермен 557 жер телімі бойынша субаренда келісімін жасады. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орнын ашты. Жеке инвестициялардың сомасы шашамен 1,1 млрд.теңгені құрады", - деді Бектұрова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысының бірнеше ауылына таза ауыз су тартылды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы