Күршімге көпір салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлайды.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Өңір басшысының айтуынша, сәуір айының соңына дейін құрылыс бюджеті нақтыланады.
Күршім көпірі жобасының жалпы құны 32 миллиард теңге. Мердігер ұйымды анықтап, конкурс өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Қазіргі уақытта "Күршім" паромы жұмыс істеп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстан Тәжікстанмен шекараны миналардан тазартуда
Келесі жаңалық
Қазақстан Семей мен Өскеменде ЖЭО-ны өз күшімен салуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы