Көрсетілген көмек міндетті түрде қайтып келеді – Шимомура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура KazAID ұлттық агенттігін құру мәселесі талқыланған баспасөз конференциясында айтты.
Мен KazAID агенттігінің құрылуы ұстанымы мен мақсаты туралы айтып бергім келеді. Бұл – кедейлерге көмек емес, халықаралық ынтымақтастық. Елдер арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Себебі оның барлығы бізге қайтып келеді. Болашақта бізге көмек керек болса, досыңыз міндетті түрде көмектеседі. Халықаралық ынтымақтастық өзге елдерді сыйлау мен достыққа негізделеді, - деді Шимомура.
Сондай-ақ, ол халықаралық ынтымақтастық тек біржақты іс-қимыл емес екенін айтты.
Бай елдер кедей елдерге көмек көрсетеді. Бұл олай емес. Оның барлығы сыйластыққа негізделеді. Біз бір-біріміздің тәжірибеміз негізінде үйренеміз. Мен өз тәжірибеме сүйене отырып, біржақты көмек жұмыс істемейтінін айта аламын. Мысалы, өзге елге аурухана салу мен тоқ тартуды біліммен қамтусыз жүзеге асырса, тиімді емес. Себебі ол елде дәрігерлер болмайды. Демек, қажетті қаржыландыруды реттейтін адамдар мен аурухананы реттейтін адамдар болмайды, - дейді ол.
БҰҰ өкілі айтқандай, біреуге көмек көрсетсең, ол міндетті түрде саған қайтып келеді.
Ол жаңа жұмыс орны мен жаңа ресурстар болып қайтуы мүмкін. Дамыған елдер мақсатты нарық болып табылады. Нәтижесінде бұл елдерде бейбітшілік орнатады. Сіздің де ел ынтымақ пен бірлікте өмір сүретін болады. Пандемия шекараларды сыйламайтынын көрсетті. Сіздің көршіңіздің мәселесі сіздікіне айналуы мүмкін. Сіздер өзге елдерге көмекті қаржыландыра отырып,өзіңіздің тұрақтылығыңызды қаржыландырып отырғаныңызға көз жеткізесіз. Әр елде мұндайды қолдайтындар да, даттайтындар да кездеседі. Сондықтан осындай брифингтер өткізу өте тиімді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Қазақстандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өтті
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы