Күріш экспортының табысы 11,5% артты
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан 21,7 млн долларға 79,7 мың тонна күріш экспорттаған. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
Заттай көріністе күрішті жеткізулер 11,2% төмендесе, бұл дәнді дақылды сатудан түскен пайда 11,5% артқан.Күріштің ең көп көлемі Тәжікстанға сатылған. Яғни, ол 6,6 млн долларға 29,4 мың тоннаны құрады.
11 айдың ішінде Ресей 5,9 млн доларға 25,4 мың тонна, Украина 2,6 млн долларға 8,2 мың тонна, Әзірбайжан 3,2 млн долларға 7 мың тонна күріш сатып алған.
Өз кезегінде, Өзбекстан 4,3 мың тонна (1,3 млн доллар), Ауғанстан 2,1 мың тонна (479,3 мың доллар), Моңғолия 1,9 мың тонна (1 млн доллар), Қырғызстан 1,2 мың тонна (306,4 мың доллар) күріш сатып алған.
Сонымен қатар, Түркіменстан 40,8 мың долларға 68 тонна, Грузия 29,6 мың долларға 40 тонна күріш сатып алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бекшин: Елде қызылшаға шалдығу фактілері төмендеді
Келесі жаңалық
Еліміздің қай өңірінде пәтер арзан?
Өзгелердің жаңалығы