Көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге көзделген.

Зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыруды екінші деңгейдегі банктерде біркелкі бөлу үшін ақша қаражатын аудару кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға 12,5 млрд теңге. 5-8 қаңтар аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ кестеге сәйкес ақшаны алушылардың шоттарына аударады, - делінген хабарламада.
Қалған 5,2 млрд теңге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға таяу күндері жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.  Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге төленеді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы