Көпбалалы аналар Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінде көпбалалы аналардан құралған бастамашыл топ мүшелері еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті.
Ведомстводан хабарлағандай, екі тарап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау үшін платформа құру туралы өзара келісті.
Кездесуге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылова, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар диалог барысында ұлттық заңнамаға балалардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті күшейтетін және кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды жасағандығы үшін жазаны қатайтатын түзетулер енгізу мүмкіндіктерін талқылады.