Күніне коронавирус және пневмония бойынша 400-ге жуық адамды жатқызамыз - елорданың бас дәрігері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
Елордамызда соңғы тәулікте 70 адам жедел жәрдем қызметіне жүктеме артты. Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш соңғы тәулікте 4,5 мыңға дейін жетті. Қызмет көрсетілген шақырушылардың саны 18 мыңға жуықтап, кешегі күні 2800 болды. Аптасына коронавирус жұқпасына байланысты 4438 қоңырау түскен. Кеше 1300 адам шақырту жасады. Осы аптаның басқармалық шешімі бойынша жедел жәрдем базасында аумақтық емханалардың орта медицина қызметкерлерінің байланыс орталығы ұйымдастырылды, - дейді Сәуле Қисықова.
Оның айтуынша, орта есеппен күн сайын 500-ге дейін қоңырау қабылданады.
Негізінен сұрақтар коронавирус инфекциясы бойынша. Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, аумақтық емханаларда қосымша және жаңа жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданды. Күн сайын 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады, - дейді басқарма басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы