Күніне 1,9 долларды місе тұтатындар кедей санатына жатқызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 20 жылда алғаш рет әлемде кедей адамдар саны артқан. Бұл туралы korrespondent.net мәлімдеді.

Коронавирус пандемиясының салдарынан биыл әлемде кедей адамдар саны 100 млн-ға көбейген, келер жылы көрсеткіш тағы 50 миллионға артады деп күтілуде. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банк жасады. 

Күніне 1,9 доллардан кем тұтынатын адамдар кедей санатына жатқызылады. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы әлемнің 9,1-9,4 пайыз халқы осындай деңгейге түседі. Егер пандемия болмаған жағдайда бұл көрсеткіш 7,9 пайыз деңгейінде болар еді, - деп болжады ДЖБ. 

Кедейлікті азайту үшін мемлекеттер экономиканы пандемия жағдайына бейімдеулері қажет. ДЖБ болжамы бойынша, кедейлік шегіндегілердің 82 пайызы табысы орташа елдерде тұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы