Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысуда. Сондықтан, Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауамен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы, сондай-ақ қар, кей жерлерде қатты қар, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда бұрқасын, солтүстік-батыстан екпінді жел күтіледі. Сондықтан, орташа көпжылдықтан 4 …10°С-қа жоғары аномальды жоғары температура желтоқсан айына тән температураға ауысады, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы