Күн жаманы кетер – Жүрсін Ерман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақын, "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер" одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман халықты осындай сәтте бекем болуға шақырды.
Жалпыұлттық аза тұту күнінде осы бір індеттің құрбаны болған жандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сабыр сақтаңыздар, қазақта: "Күн жаманы кетер" дейді ғой. Болған іске болаттай бекем болайық. Осындай кезде ұйымшылдық танытпасақ, отпанға түсіп кетуіміз оп-оңай. Өзі көп те емеспіз. Аз халықтың басына түскен індет елдің еңсесін түсіріп тұрған кезде бәріміз бір кісідей жұмылып, тәубеге келейік. Дұға тілеп, жақсылыққа жориық, - дейді Жүрсін Ерман.
Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Айналайын халқым, өте сақ болыңыздар – Дариға Тұранқұлова
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы