Жылқыларды ұрлап, сойып алған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз біреулердің еркін жайылымнан екі бас жылқысын ұрлап кеткені туралы Жарма аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығының иесі арызданған, деп хабарлады altaynews.kz.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 51 жастағы бұрын сотты болған Жарма ауданының тұрғыны анықталған.
Арнайы іс-шаралар жүргізу барысында ұрланған малдың етін автокөлікке тиеп, Семей қаласына бағыт алған күдіктіні полиция қызметкерлері «ізін суытпай» ұстады.
Тергеу кезінде күдікті мал бағушы болып жұмыс істеп жүріп, оған сеніп тапсырылған шаруа қожалығының малдарын жаю кезінде оның іс-әрекетіне ешкімнің бақылау жасамайтынына көзі жеткен ол екі бас жылқыны ұрлап, оларды орманға айдап апарып, біреуін сойып, бөлінген ұшаны әрі қарай базарда сату мақсатында Семей қаласына апара жатқаны анықталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу кезінде ұсталған азаматтың тағы бір мал ұрлығына қатысы бар боп шықты.
Бұл жолы үстіміздегі жылдың қыркүйек айының басында көрші шаруа қожалығынан жалпы құны жарты миллионға бағаланған екі бас ірі қара малын қолды қылған.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы