Көлік полицейлері «Таза вокзал» акциясын өткізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карағандылық көлік полицейлері «Таза вокзал» акциясын өткізуде. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің ресми сайтында хабарланды.

«2019 жылдың 29-31 шілде аралығында жол жүру құжаттарын (билеттерді) заңсыз сату, қоғамдық орындарда тиісу, белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілерін анықтау мақсатында Қарағанды-Сұрыптау ст. ЖПБ қызмет көрсету аумағында кең көлемді «Таза вокзал» акциясы жүргізілуде»,- делінген хабарламада.  

Қойылған міндеттерді орындау үшін жеке құрам  толықтай  тартылды.

ҚР ӘҚБК 449 бабын бұзған тұлғаларды және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында темір жол вокзалдарын  қарау бойынша 2 жұмыс тобы құрылды. «Таза вокзал» акциясын өткізу барысында Қарағанды-Сұрыптау  ст. ЖПБ 19 қызметкері мен темір жол ұйымдарының 2 өкілі жұмылдырылды. Сондай-ақ, акцияның алғашқы күні Қазақстан Республикасының ӘҚБт ҚРК 449 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 2 құқықбұзушы тартылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы