Көлік полицейлері 14 мыңнан астам адамды жауапқа тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері «Мүлдем төзбеушілік» акциясы аясында 14300 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Арқалық станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен қоғамдық орында, атап айтқанда Арқалық қаласының теміржол вокзалының ғимаратында балағат сөздер айтып, адамдардың мазасын алып, сөйтіп қоғамдық тәртіпті бұзған 36 жастағы азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Арқалық қалалық соты жоғарыда аталған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарып, оны 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартты.
«23-27 қыркүйек аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акциясы өткізілді. Акция аясында еліміздің көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі нысандарындағы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 14369 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты», - делінген хабарламада.