Көлгінов суға батып бара жатқан қыздарды құтқарған құтқарушы мен полиция қызметкерін марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов «Причал» демалыс аймағында суға батып бара жатқан қыздарды құтқарған полиция қызметкері Руслан Саидов пен құтқарушы Дмитрий Инкинді марапаттады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Біздің полиция қызметкерлері мен құтқарушылар өз міндеттерін абыроймен атқарды. Сіздердің жұмыстарыңызда қиындықтар мен сынақтар көп. Өмірде әртүрлі қиын жағдайлар болып тұрады, сол кезде Сіздер бізге көмекке келесіздер. Қарапайым сөзбен айтқанда, құтқарушылар мен полицейлер елдің тыныш ұйқысы үшін бәрін жасайды. 28 шілдеде шамамен сағат 15.00-де құтқарушы Дмитрий Инкин «Причал» қонақ үйінін аумағында суға батып бара жатқан екі қызды көріп, олардың артынан суға секірді. Оған жағалауды күзетіп жүрген полицияның аға инспекторы Руслан Саидов көмектесіп, оқиғаның куәсі болды. Сіздер бірге қыздарды шығардыңыздар, ауруханаға дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырдыңыздар. Екі адамның өмірін сақтап қалдыңыздар»,- деді қала әкімі Алтай Көлгінов.Қала басшысы Алтай Көлгінов Дмитрий Инкин мен Руслан Саидовқа ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты.
«Бірнеше секунд ішінде шешім қабылдадыңыздар. Судан құтқару полицейдің тікелей міндеті емес. Бірақ Сіздер керек уақытта керек жерде болдыңыздар. Жасаған ерліктеріңіз басқаларға үлгі болады. Ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еңбектеріңізге жеміс, істеріңізге сәттілік тілеймін»,- деді А. Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 тамызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы