Көлгінов елорданың жылу беру маусымына дайындығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылу беру маусымына энергия көздері жабдықтарының жалпы дайындығы 97% құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

ЖЭО-1 дайындығы – 95%, ЖЭО-2 – 97%, аудандық қазандықтардың дайындығы – 100%. Станцияларда отынның нормативтік 20 тәуліктік қоры, мазут-8243 тонна жинақталған, бұл жалпы қажеттіліктің 103% құрайды.

"Жылу желілері бойынша магистралды және тарату желілерін күрделі жөндеудің барлық көлемі аяқталды, барлық магистральдарға тиісті гидравликалық сынақтар жүргізілді. Электр желілері жылу беру маусымына 97% , ал сумен жабдықтау және су бұру нысандары 100% дайын", - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, білім беру және тұрғын үй қоры нысандары 98%, Мәдениет нысандары 93%  және денсаулық сақтау нысандары 100% дайын. Қала әкімі атап өткендей, көмір кесте бойынша келеді, өткен аптада 8 мың тоннадан астам алынды. Маусым айынан бастап қалаға 125 мың тонна көмір келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық 100% құрайтын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы