Көлгінов елордадағы блок-бекеттер қашан алынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов көпшілікті толғандырып жүрген блок-бекеттер туралы айтты.

Мамыр айының соңына дейін блок-бекеттер алынбайды. Бұл мәселе қазір біздің бақылауымызда. Қосымша ақпаратты айдың соңында хабарлаймыз. Ал қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер қазір күн тәртібінде тұр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мамырдың соңына дейін іске қосылмайды. Егер ахуал әрі қарай да осылай тұрақты болса, маусымның басында ашамыз деп ойлаймын, - деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, осы аралықта елордада коронавирус жұқтырған 1 686 науқас тіркелген. 835 пациент немесе 51 пайыз азамат емделіп шықса, қалғандары қазіргі уақытта карантинде жатыр. 
Өкінішке қарай 5 адам қаза болды. Қазір күнделікті өсу статистикасы 2-ден 4 пайызға дейін болып отыр. Науқастардың 40 пайызы - 30 жасқа дейінгі жастар, ал 35 пайызы - 30-дан 50 жасқа дейінгі адамдар. Яғни, осы статистикаға жүгінер болсақ, вирус тек қана үлкен адамдарға, зейнеткерлерге немесе бұрыннан ауруы бар азаматтарға қауіпті деген сөз расталмады. Сондықтан, қазіргі жағдайда, біздің тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жас талғамайды. Яғни, коронавирустан барлығымыз бірдей сақтануымыз қажет. Сақтықта қорлық жоқ, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы