Көлгінов: Біз әр компаниямен жеке жұмыс істейтін боламыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі құрылыс қарқынын арттырып, жұмыс сапасына ерекше назар аударуды және нысандарда қатаң санитарлық нормаларды сақтауды тапсырды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компаниялары басшыларымен кездесті. Онлайн-жиналыста алдын-ала жобалаудың дайындығы, жеке жобалауды жоспарлау, инженерлік желілер мен жүйелердің орнатылуы және т.б. мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл құрылыс көлемі артады.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жеңілдетілген бағамен сатылатын 8 мыңнан астам пәтер салынады (2019 жылы 2900 пәтер пайдалануға берілді). Жалпы, биыл тұрғын үйдің жалпы көлемі шамамен 3 миллион шаршы метрге жетті. Жыл басынан бері елордада 637 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Біз бірлесе алдымызға ортақ міндет қойып, жұмыс жасаудамыз. Ол – азаматтарымыз үшін үй салу. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, құрылыс көлемін арттырамыз, жеңілдетілген бағамен берілетін 8 мыңнан астам пәтер саламыз. Мысалы, өткен жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынды. Әлеуметтік тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға арналған. Яғни, бұл аз қамтамтылған азаматтар санаты, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" кезекте тұрған салымшылары. Біз баспанаға кезекті мейлінше жылдамдатуға тырысамыз. Өз тарапымыздан сіздерді қолдауға әзірміз. Бюрократия болмауы керек, қажет болған жағдайда әр құрылыс компаниясымен жеке жұмыс істейміз. Сондай-ақ биыл келесі жылға да жоспар дайындау қажет, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Кездесу барысында Алтай Көлгінов жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа кадрлар алу керектігін айтты. "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар объектілерде маска кию, қашықтық сақтау, санитарлық тазартқыштар мен дезинфекция құралдарын орнату сияқты қатаң санитарлық ережелерді сақтау қажет.