Көлеңкелі экономиканың үлесін 20 пайыздан төмендетеміз - Асқар Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика үлесі 20 пайыздан төмен болады деп жоспарланғанын айтты.

Қазіргі жағдайда экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету және бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың резервтерінің бірі - көлеңкелі экономика үлесін қысқарту. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар оң нәтиже беріп жатыр. 2025 жылға қарай көлеңкелі экономиканың үлесі -жалпы ішкі өнімнің 20 пайызынан төмен болады деп жоспарланған. Осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесін жалпы ішкі өніммен салыстырғанда, көлеңкелі экономика үлесі 2017 жылғы 27 пайыздан 2019 жылы 23,6 пайызға дейін қысқартылды. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша 1,5 трлн теңгеге артуын қамтамасыз етті, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, Халықаралық валюта қорының деректері бойынша әлемдегі көлеңкелі экономиканың орташа үлесі 27,8 пайыз. 

Ал 44 елде көлеңкелі экономиканың үлесі 20 пайыздан төмен. Бізде соған ұмтылуымыз керек. Бақылаудан тыс қызметті заңды айналымды етуге ынталандыру арқылы заңнамалық базаны жетілдіру, кедендік және салықтық әкімшілікті жақсарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек. Қабылданып жатқан шаралардың барлығын бизнес үшін тиімді болуына, қолма-қол ақшасыз айналымның үлесін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, көлеңкелі экономиканың үлесті төмендету үшін салалық қосымша шаралар қабылдау қажет,- дейді үкімет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы