Көлеңкелі экономикадан құтылу үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Қазақстанда көлеңкелі экономиканы азайту үшін электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі енгізілген болатын. Былтыр 1 қаңтардан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер "Электронды шот-фактуралар" міндетті көшірмесіне ауыстырылды.

Бүгінгі таңда 440 мыңнан астам пайдаланушы тіркеліп, 433 млн электрондық шот-фактура жазған. “Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесін пайдаланушылардан қосымша 290,2 млрд теңге түсті. Біздің болжам бойынша, 2020 жылы шамамен қосымша 140 млрд теңге түсім күтілуде, - дейді Берік Шолпанқұлов.
Оның айтуынша, былтырғы жылы тауарларды таңбалау жүйесі сынақтан өткен. Соның нәтижесінде 2019 жылы кірістер екі есеге артты, ал биыл 1 миллиард теңгеге дейін түсім түседі деп жоспарланған.
Бұдан басқа, таңбалау бойынша темекі өнімдері, алкоголь өнімдері, аяқ киім тауарлары, дәрілік заттар және сүт өнімдері сияқты тауарлар тізбесін кеңейту болжанып отыр. Биылдан бастап онлайн бақылау-касса машиналары міндетті түрде қолданылуы тиіс. Бүгінгі таңда бақылау-касса машиналарын пайдаланушылардың жалпы саны 728 мыңға жетті. Оның 710 мыңы немесе 97,5% онлайн бақылау-касса машиналарына көшті, - дейді қаржы министрінің міндетін атқарушы.
Сонымен бірге, қолданыстағы ақпараттық жүйелер базасында тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылып жатыр екен. 
Биылғы қазан айынан бастап ақпараттық жүйеде тауарларға электрондық ілеспе жүк құжаттары енгізіледі. Жалпы алғанда, жүйе тауардың бөлшек саудасына дейінгі жылжуының барлық тізбегін қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйеден кейін жалған шот-фактуралардың көшірмесін тоқтатамыз. Салықтық әкімшілендіру мақсатында үшінші тұлғалардың деректер базасы құрылды. 2019 жылы бюджетке қосымша 18,6 млрд теңге сомасында салық түсті, - дейді Берік Шолпанқұлов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы