Күләш Шәмшидинова ресейлік түлектерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова тікелей эфирде Ресейдегі Ханты-Мансийск дербес округі-Югра түлектерін құттықтады.
Пандемияға байланысты көп елдегідей Юграның он мыңнан аса түлегі де мектепті онлайн аяқтады.Бейнеконференция түрінде өткен шараға Ханты-Мансийск дербес округінің губернаторы Наталья Комарова, Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының білім және ғылым жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Любовь Духанина мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысып, түлектерге ақ жол тіледі.
Білім – адамның кәсіби дамуындағы алғашқы және міндетті қадам. Өз миссияңызды орындап, сізді қызықтыратын кез келген салада жетістікке жету үшін үнемі өзіңізді жетілдіріп отыруыңыз қажет, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы түлектерге арнаған жолдауында.Аймақ губернаторы Наталья Комарова Югра білім беру ұйымдарының қазақстандық әріптестермен ынтымақтастығын жоғары бағалады.
Сіздер біздің білім беру саласын жаңаша дамытудағы жол көрсетуші әрі жақын доссыздар. Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибе тарату бойынша Ханты-Мансийск округіндегі білім беру мекемелерімен ынтымақтастық байланыс орнатқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Атырау-Астрахань" тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы