1 Наурыз 2020 2020, 09:41

Көктемнің алғашқы күні ауа райы қандай болады

Еліміздің батысында ғана күн бұлтты, көктайғақ пен қатты жел болуы мүмкін. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер көктемнің алғашқы күні Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райы болады деп болжайды.

Мамандардың мәліметі бойынша, боран мен қардан кейін қазақстандықтарды жылы демалыс күндері күтеді. 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында республиканың басым аумағында қауіпті табиғи құбылыстардан тек тұман түседі. 

Еліміздің батысында ғана күн бұлтты, көктайғақ пен қатты жел болуы мүмкін. 

Бүкіл елде ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.