Көктемгі су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының жылынуына байланысты су тасқыны кезеңі басталады. 2020 жылы еліміздің барлық аумағында басқа жылдармен салыстырғанда жауын-шашын көп болды және бұл көптеген қиындықтарды туғызды. Қар мен жауын-шашынның күрт еруі кезінде су басу қаупі артады. Осыған байланысты наурыз айында Шемонаиха ауданы әкімдігінің, ТЖБ, 4-атқыштар ротасының, 6699 әскери бөлімінің өкілдерімен, сондай-ақ "Еңбек-Өскемен" РМК 65 ПУ басшысының және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен жұмыс кездесуі өткізілді. Онда мекеме аумағы мен оның объектілерін алдағы су тасқыны кезеңіне дайындау мәселесі қарастырылды. Кездесу барысында дағдарыс жағдайына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі, сондай-ақ су тасқыны кезіндегі мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы мәселелер талқыланды.

Шемонаиха ауданының аумағында Половинка ОВ 156/6 мекемесінің жанында кәріздік – сорғы станциясы дәлірек-су тарту орналасқан. Бүгінгі күні осы станцияны су басудың алдын алу мәселесі тұр, ол Половинка А. тұрғын үй секторын, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесі, сонымен қатар 6699 ә/б барлық бөлімшесін сумен қамтамасыз етеді. Кәріз сорғы станциясы 1972 жылы салынып, пайдалануға берілді. Су тоғаны екі ұңғымадан тұрады: резервтік-тереңдігі 36 метр және тереңдігі 39 метр. Сорғы қондырғыларының машинистері тәулік бойы ауысым сайын 4 адамнан тұратын құрамда кезекшілік етеді және УБА өзенінің көтерілуіне бақылау жүргізеді және журналға белгі қойып, РМК басшылығына баяндайды. Өндірілген су ОВ 156/6 мекемесінің, 6699 ә/б және Половинка А. тұрғын үй секторының қажеттілігіне жұмсалады. Өзенді көтеру кезінде ұңғыманың су басуын болдырмау үшін ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері және 6699 ә/б бөлімшесімен бірлесе отырып инертті материалдар, қаптар және жасанды бөгеттер тұрғызылып, су тоғанының шетінде салынған.
6699 ә/б қызметкерлері мен бөлімшелері су басқан жағдайда дайындық тәртібінде су алу станциясына судың енуіне жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар мен жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді мекеме басшысы Мақсат Сейтахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы