Көктемгі әскерге шақыру уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылғы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сол сияқты әскерге шақырту да уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифинг барысында айтты.


Сондай-ақ ол, ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысымен қалалардағы көше, тратуар, аялдамаларда және сауда-ойын сауық орталықтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгенін айтты. 
Діни маңызы бар және коммуналдық шаруашылық ғимараттары мен вокзалдарда, қоғамдық тамақтану орындарында да залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. ҚР ДСМ-мен жұқпалы стацинарға 2330 орын тағайындалды. 6900 орынды 70 провизорлық стационар, 14 мың орынды 89 карантиндік стационар дайындалды. Нұр-Сұлтан қаласында 840 провизорлық орын бар, оған қосымша орындар да қосылады, - деді министр. 

Дәурен Абаев сонымен қатар, карантиннен бас сауғалап жүргендерге тоқталып, үш факті бойынша полицейлермен ҚР ҚК 304 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.  
Түркістан облысында ауруханадан қашып кеткен жергілікті тұрғын жауапқа тартылуда. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус анықталған әйел кімдермен байланыста болғанын айтудан бастартқан. Осындай тағы бір факт 21 наурыз күні Көкшетау қаласында тіркелді. Ондағы азамат карантиннен өтуден бас тартқан, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы