Көктемгі егістік жұмыстарына 387 мың тонна дизель отыны бөлінеді – Ноғаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергия көздеріне әлемдік баға белгілерімдерінің төмендеуі аясында көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы тоннасына 194 мың теңгеден 184 теңгеге дейін төмендетілді. Жеткізу мен сақтауды есепке алғанда болжамды баға литріне шамамен 170 теңгені құрауы тиіс. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, ҚР энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы жүргізілетін көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесін жасаған. 
Осы кесте шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қажеттілігі 387 мың тонна көлемінде дизель отыны бекітілді. Былтыр бұл 380 мың тонна болған. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері үшін мұнай өңдеу зауыттарында дизель отынын  тиеп жөнелту бірінші кезекте тұрғанын атап өткен жөн. Бұл ретте тиеп жөнелту тәулік сайын бақыланады және оған мониторинг жүргізіледі, - деді ол. 

Сондай-ақ ол, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін 2020 жылы жүргізілетін егін жұмыстарына дизель отынынна  ұсынылатын баға тоннасына -  194 мың теңгені құрағанын айтты. Жеткізу мен сақтауды есепке алғанда болжамды баға литріне шамамен 180 теңгені құрауы тиіс. Ол жанар-жағармай стансаларындағы бағаға қарағанда 13 теңгеге арзан. 
Алайда, энергия көздеріне әлемдік баға белгілерімдерінің төмендеуі аясында көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы тоннасына 194 мың теңгеден 184 теңгеге дейін төмендетілді. Жеткізу мен сақтауды есепке алғанда болжамды баға литріне шамамен 170 теңгені құрауы тиіс. Яғни бұл жанар-жағармай стансалары бағаларынан 21 теңгеге арзан. Бұл баға тек наурыз айына ғана ұсынылды. Кейін дизель отыны бағасы үшін сол кезеңде нарықта қалыптасқан коннектюраны еске ала отырып есептелетін болады. Күні бұрын шарт жасасып және төленіп қойылған, бірақ тиеп жөнелтілмеген көлемдер үшін кейін қайтаесептеулер жүргізілетінін ерекше атап өткім келеді,-деді министр
.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы