Көктемгі егіс жұмыстары үшін 170 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі егіс жұмыстарына қанша қаржы бөлінгенін айтты.
"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бюджеттік кредит бөлінді. Қаражат республиканың 2,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушісіне беріліп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінді – деді министр.Оның айтуына қарағанда қазіргі жағдайда 19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру жұмыстары басталды. 24,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, оған бидай, арпа, майлы дақылдар және қарақұмық сияқты дақылдар сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта 21,5 млрд теңгеге өтінім қабылданды. Қамтамасыз ету ретінде екінші деңгейдегі банктердің де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың да кепілдіктері қабылданады. Бұл фермерлердің өтімді кепілдерінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді – деді Сапархан Омаров.Министрдің айтуына қарағанда, көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін қолда бар барлық ресурстар мен құралдар пайдаланылуда, бұл көзделген жұмыстарды оңтайлы аграрлық мерзімдерде аяқтауға алғышарттар туғызады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы