Көктемде Қазақстанның бес өңірінде су тасуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл еліміздің бес өңірінде су тасу қаупі бар, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қардың мөлшері жылдағы нормадан көп. Кейбір деректер 2017 жылғы мәліметтермен сәйкес келеді. Сондықтан көктемде бұл бес аймақта су мөлшерінің жоғарылауы ықтимал.

Ақпан және наурыз айларында күннің күрт жылуынан далада жатқан қар ериді. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында далада жатқан қардың еруінен және өзендердегі мұздардың еру процесінен бірінші су тасқыны кезеңі жүре бастайды. Келесі кезең наурыз айының аяғы мен сәуірдің басында Қазақстанның орталық аймақтарында, дейді гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы.

"Қазгидрометтің" мәлімдеуінше ауа райы болжамы тиісті органдарға уақытылы хабарлануда. Яғни, жауған қардың көлемі, судың деңгейі алдын ала есептеледі. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы