Көкшетауда поэзия байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында "Туған жерім – Қазақстаным" атты поэзия байқауы өтті, деп хабарлады assembly.kz. 

Байқауға облыс аумағындағы оқу орындарынан 21 жас қатысты. 

Мемлекеттік тілді үйрену - бұл қажеттілік, уақыт талабы. Сондықтан, поэзия байқауын өзге ұлт жастарын қазақ тілін үйренуге тарту формаларының бірі ретінде қарастыруға болады. Өйткені, мемлекеттік тіл қазақстандық қоғамды біріктірудегі маңызды фактор болып табылады, - деді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Тохаева.

Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеген "Адырна" ҚҚ-ның президенті Әубәкір Арман, мемлекеттік тілді үйрену арқылы өзге де этностар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын тереңірек таниды деді.

Байқау көрермендердің қызығушылығын тудырды, қатысушылар өлең оқып қана қоймай, қазақтың ұлттық киімдерін киіп шығып, әр өлең оқылымын қойылыммен үйлестіре білді.

Қатысушылар ортасынан үздік көрінген А.Соколова, А.Бабенко және Т.Смирнова сәйкесінше жүлделі орындарға ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы