Көкшетауда ЭКО көмегіне жүгінгендер саны артты
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда ЭКО көмегімен балалы болуға ниет білдірген отбасылар саны артып келеді. Бұл туралы Отбасын жоспарлау жөніндегі үйлестіруші, қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Жұлдыз Әлпілам мәлімдеді.
Маманның айтуынша, былтыр облыс бойынша бедеулік бойынша диспансерлік есепте 677 жұп тұрған. Оның ішінде 327 жұп экстракорпоралдық ұрықтандыруға қатысқан.
Президент Жолдауындағы «Аңсаған сәби» бағдарламасы сәби сүйе алмай отырған отбасыларға үлкен демеу болады деп ойлаймын. Өткен жылы бөлінген 37 квотаның барлығы пайдаланылды. Процедураның көмегімен 27 бала дүниеге келді, 5 процедура ЖРВИ және басқа көрсеткіштерге байланысты теріс нәтиже берді. Биыл 45 квота бөлінді. Портал арқылы кезекке қойылғаннан кейін отбасылар дәрігерлер тексерісі басталғанша 2-3 ай күтеді. Әрине, карантиндік шараларға байланысты белгілі бір проблемалар бар, бірақ 11 жұп квотаны пайдаланып, әйелдерге эмбрион трансплантация жасалды. Егер отбасы квота бойынша емделсе, онда қызмет тегін көрсетіледі. Бірқатар ерлі-зайыптылар бірнеше жыл күтуді, мемлекеттік медициналық мекемелерде тексеруден өтуді қаламайды, сондықтан қызмет 700 мыңнан 1 млн теңгеге дейін және одан жоғары тұратын жеке клиникаларға жүгінеді, – дейді ол.Оның пайымынша, ерлі-зайыптылар балалы болғысы келсе, денсаулықтарын қадағалап, дәрігерлердің талаптары мен ұсыныстарын қатаң сақтап, бедеулік проблемасымен мақсатты түрде айналысса, жетістікке жетеді.
Егер ерлі-зайыптылар ЭКҰ-ға шешім қабылдаса, Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы отбасын жоспарлау, ана мен баланы қорғау кабинеттеріне немесе әйелдер консультациясы кезінде учаскелік акушер-гинекологқа жүгінуі керек. Квоталарды дәрігерлік-консультативтік орталық жанындағы комиссия босанған әйелдер ағзасының жасы мен репродуктивті жағдайын ескере отырып бөледі, – деп түсіндірді маман.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы