Көкшетау техникалық институтының курсанттары ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультеті 1-курс курсанттарының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі хабарлады.

Рәсімге Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы, өңір әкімдігінің өкілдері, Ақмола облысы құқық қорғау органдары және оқу орындарының басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ата-аналар қауымы қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар төрағасының орынбасары, полковник Талғат Қайырбекұлы құттықтау сөзінде құтқарушы мамандығының басты құндылықтары - Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық және әскери борышқа деген адалдық, құрмет, батылдық, қайсарлық, ерлік және өзара көмек көрсету болып табылатынына назар аудартты.

2019 жылы ҰБТ нәтижелері бойынша дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, сондай-ақ медициналық және психофизиологиялық зерттеулердің ұсынымдарын ескере отырып, курсанттар қатарына 189 талапкер қабылданған болатын, олардың 140-ғы бүгін Көкшетау техникалық институтында курсант ретінде ант қабылдады. 10 курсант үкіметаралық келесімдерге сәйкес Институт негізінде өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша оқып жатқан Қырғызстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қалған 37 курсант, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мамандандырылған жоғару оқу орындарына жолданар алдында ант қабылдаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы