"Көкшетау-1" станциясының бастығы жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ" ҰК" АҚ жүк тасымалы жолының Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы