Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасы эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 13 мамыр күні сағат 19:30-да Түркістан облысына қарасты Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар жеткен. 

Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елді мекенінде  2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені,  Жігерген ауыл округі бойынша 30 үй, 4 қора, С.Рақымов ауыл округі Қызылата елді мекенінде 4 үй, 1 мешіт аулаларына су кіргені анықталды.

С.Рақымов ауыл округіндегі Көкібел су қоймасының (151,0 мың м3) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасы Көкібел мектебіне эвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Аталған оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 15 қызметкері, 6 техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы