Jusan Bank активтерінің қайтарылуына байланысты түсініктеме берді

Jusan Bank активтерінің елімізге қайтарылуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығымен қайтарылды.

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру. Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді, - делінген банк таратқан хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Әділет министрлігінің мәлімдемесін жариялаған болатынбыз.

Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізді. Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы