"JOLTAP" әлеуметтік жобасы бойынша мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты
Елордада жүзеге асырылып жатқан "JOLTAP" жобасы аясында қала тұрғындарына жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Онда тұрғындар 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алып, 13 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазыла алады.
"JOLTAP" жобасы бірнеше кезең бойынша іске асырылуда.
Бірінші кезең - адамдар көп жиналатын орындарда 10 "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктін орнату және іске қосу. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 7 мыңнан астам азамат осы модульдік пункттерде кеңес алды. Атап айтқанда, 2,9 мың адам әкімдік басқармаларына мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім берді.
Екінші кезең – қысқа мерзімді оқытудың екі бағдарламасын ұйымдастыру, жұмыс мамандықтары бойынша (бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші, сәнгер-конструктор, дәнекерлеуші) және цифрлық дағдылар (таргет, SMM, бейнемонтаж, маркетплейстер, мобилография, графикалық дизайн және веб-дизайн).
Оқыту барлық қажетті заттармен жабдықталған жекелеген оқу сыныптарында жүргізіледі. Оқытушылар қолданбалы тәжірибесі бар мамандар.
Оқыту бағдарламалары еңбек нарығының шындығына сүйене отырып құрастырылған және мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін барынша қысқа мерзімде практикалық дағдыларды ұсынуға бағытталған. Қазіргі уақытта 1,2 мың қала тұрғыны одан әрі жұмысқа орналасу үшін жұмыс және цифрлық мамандықтар бойынша практикалық дағдыларға ие болды.
Желтоқсаннан бастап үшінші кезеңді іске асыру басталды.
Бүгінгі таңда жобаның арқасында 1,1 мыңнан астам азамат (52% - 35 жасқа дейінгі жастар) жұмысқа орналасты. Қала тұрғындары қызмет көрсету (34%), сауда (32%), қоғамдық тамақтану (16%), өзге (тігін ісі, цифрлық және т.б. - 18%) сияқты салаларға жіберілді.