11 Тамыз 2026, 15:31

Құрылтай сайлауы: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Командалық теледебаттың тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі.

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.

«Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
«Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
«Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
«Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

Көрермен назарына:

  • сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
  • тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;
  • дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
  • партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көре аласыздар.