29 Маусым 2024 2024, 19:30 Фото: gov.kz

JBMO Балкан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.

Математикадан JBMO 2024 Балкан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.

Мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:

Алиасқар Сұлтанәли — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;

Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;

Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.

Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.