Jay-Z әлемдегі ең бай музыкант атанды – Forbes
Forbes журналы американдық рэпер әрі продюсер Jay-Z-ді (шын аты – Шон Картер) әлемдегі ең бай музыкант деп таныды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Журналдың мәліметінше, Jay-Z мен оның әйелі, әнші Бейонсенің жиынтық байлығы 2,5 миллиард еуроға жеткен. 2019 жылы ол хип-хоп әлеміндегі алғашқы миллиардер атанып, алкоголь бизнесі арқылы табысын бірнеше есеге ұлғайтқан. Кейінірек LVMH компаниясы оның Armand de Brignac (Ace of Spades) шампан брендінің 50% үлесін сатып алды.
Музыкант шығармашылық мансабында да үлкен жетістіктерге жетті. 2021 жылы ол рок-н-ролл Даңқ залына енгізілді, ал 2022 жылы Super Bowl шоуын ұйымдастырғаны үшін Эмми сыйлығын иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Forbes Илон Маскты әлемдегі ең бай адам деп атаған еді. Оның байлығы 342 миллиард доллар деп бағаланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркия Израильмен сауда байланысын толық үзді
Өзгелердің жаңалығы