JASYL EL: Алматыда 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Алматы қаласы JASYL EL жастар жобасының жазғы маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл жоба аясында маусымдық жұмысқа 14 пен 35 жас аралығындағы 2100 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жоба барысында жастар тәжірибе жинауға, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. 

Осындай маңызды жобаға қатысқандардың барлығына, әсіресе өз міндеттерін ынтамен және жауапкершілікпен орындаған қатысушыларға рахмет. Біз жастарымызбен бірге қаламыз үшін жарқын болашақ жасаймыз. Әлемдегі жаһандық экологиялық жағдай күрделене түсуде және қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті болып жатыр. Сондықтан жастардың қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауы көңіл қуантады, – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жетекшісі Қайыржан Меңдіғалиев.

Сенбілікке қатысушыларға қаптар мен қолғаптар берілді. 

Жоба жетекшісінің сөзінше, қызығушылық танытқандар саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы 1900 адам қатысса, биыл олардың саны 2000-нан асқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «JASYL EL» жастар жобасы
Өзгелердің жаңалығы