Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша Jastar Skills шағын чемпионатының басталғанын жариялады.


Алматы қаласы Қоғамдық даму және Білім басқармаларының қолдауымен іске асырылатын Jastar Skills 2020 жобасы жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған. Биыл шағын чемпионат 5 мамандық бойынша өткізіледі, - дейді ұйымдастырушылар.

  • Токарлық іс;
  • Дәнекерлеу ісі;
  • Аспаз ісі;
  • Күрделі бояу шебері;
  • Киім дизайны және модельдеу.

30 қазанда 2 мамандық – токарлық және дәнекерлеу ісі бойынша шағын чемпионат өтті. 


1 кезең онлайн режимінде өтті. Оның қорытындысы бойынша Алматы автомеханикалық колледжінде өткен 2 турдың қатысушылары анықталды, - дейді сайысты ұйымдастырғандар.

Токарлық іс мамандығының жеңімпаздары: 1-орын – Даниил Денисенко, 2-орын – Нұрсұлтан Идирисов, 3-орын – Олжас Сұлтанмұратов.

Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша: 1-орынды Владислав Кевлич, 2-орынды Қуаныш Юлчибаев, 3-орынды Қуаныш Депутат иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Іс-шара карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы