Jas Otan жастар қанаты "Жастар – Отанға!" бағдарламасын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев жоғары оқу орындары мен колледждегі студенттік ұйымдар және жастар ісі жөніндегі комитетінің басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында студент жастардың пікірін ескере отырып, Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасы талқыланды.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және еліміздің өзге де облыстарындағы жоғары оқу орындары мен колледждер жанындағы жатақханаларға жүргізілген мониторингтің аралық қорытындысы тындалды.
Мен сіздерді, 100 мыңнан аса жастың қызығушылығын қарастырып отырған Jas Otan жастар қанатымен бірлесе жұмыс жасауға, ортақ мақсатқа жұмылуға шақырамын. Jas Otan бұл – саяси күш. 20 жылдық тарихты артта қалдырған ұйымымыз қазір жастардың жан-жақты қызығушылықтарын қарастырып, оларға әлеуметтік лифт ұсынып отырған ең ауқымды жастар ұйымы.Қазіргі таңда біз жастар мүдделерін көздейтін ұйым ретінде 2025 жылға дейінгі "Жастар – Отанға!" бағдарламасын ұсынамыз, - дейді Jas Otan ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
Бағдарлама мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар саясаты бойынша әзірленетін бірыңғай бағдарламаға негізгі шамшырақ болмақ. Оның айтуынша, "мұның бәрі жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстанның игілігі үшін жасалуда".
Айта кетейік, бұл жиын жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат алуға, студенттердің саласындағы өзекті мәселелердін, оларды шешу мүмкіндіктерін, ЖОО жастарының идеялары мен ұсыныстарын талқылауға мүмкіндік берді.