Jas Otan "Біз біргеміз!" акциясын уақытша тоқтатты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бұл туралы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Елбасы тапсырмасы бойынша мемлекет басшысының бастамасымен "Біз біргеміз!" акциясы аясында соңғы 2 апта көлемінде еліміздің барлық аймақтарында "Jas Otan" жастар қанаты және Nur Otan партиясының волонтерлары 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қол ұшын берді.
Акция аясында сақтану шараларын ұстана отырып, жалғызілікті қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да "контактсыз" аса қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Бұл туралы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
⠀
Алайда, елдегі жағдайдың күрделене түсуіне байланысты "Jas Otan" енді бұл жұмысты уақытша тоқтата тураға шешім қабылдаған.
Жағдайдың күрделенуін ескере отырып, "Jas Otan" бұл жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Халқымыздың және еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін барлық ұйымдарды, біздің ұйымның үлгісінде шешім қабылдауға шақырамыз. Тағы да баршаңызға осы күндерде бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз. Біз біргеміз!, - деп жазады ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы