14 Наурыз 2026, 09:18 Фото: pixabay.com

Израильдің Ливанға жасаған соққысынан 12 медицина қызметкері қаза тапты

Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жалғасып жатыр.

Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі медициналық орталыққа жасаған соққысы салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу бойынша құтқару жұмыстары жалғасуда.