Израильдің Ливанға жасаған әуе соққыларынан 6 адам қаза тапты
17 сәуірде күшіне енген атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Израиль күштері елдің оңтүстігін атқылауын жалғастырып жатыр.
Израиль армиясының Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
17 сәуірде күшіне енген бітімге қарамастан, Израиль әскері елдің оңтүстік өңірлеріне соққы жасауды тоқтатпаған.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша мәліметіне сәйкес, әуе соққылары кезінде Ходжейр алқабында 2 адам, Сарифа елді мекенінде 1 адам, Ятирде 1 адам және Тулинде тағы 2 адам көз жұмған.
Сондай-ақ Ятир және Хирбит-Сильм елді мекендерінде бір-бір адамнан жараланғаны хабарланды.
Израиль 2 наурыздан бастап Ливанға жаппай әуе соққыларын күшейтіп, кейін елдің оңтүстігіндегі бірқатар елді мекенді бақылауына алған.
Бұған дейін Ливан үкіметі ел ішінде мәжбүрлі қоныс аударғандар саны 1 миллион 162 мыңнан асқанын мәлімдеген.
АҚШ президенті Дональд Трамп 17 сәуірден бастап күшіне енген Ливан мен Израиль арасындағы 10 күндік уақытша бітім тағы үш аптаға ұзартылғанын айтқан.