Кеше 2026, 23:49
Фото: Mohamed Azakir / Reuters
Израильдің Ливанға соққыларынан қаза тапқандар саны 72-ге жетті
Өңірдегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
2 наурызда басталған жаңа әскери эскалациядан бері Ливан аумағына жасалған Израиль авиациясының соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 72-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін құрбандар саны 52 адам деп хабарланған болатын. Сонымен қатар жараланғандар саны 154-тен 437 адамға дейін артқан. Бұл мәліметті Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі X әлеуметтік желісінде жариялады.
Өз кезегінде әлеуметтік істер министрі Ханин ас-Саид соғыс қимылдарына байланысты қоныс аударғандар саны 83 мың адамға жеткенін мәлімдеді.
Өңірдегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.