Кеше 2026, 20:17
Фото: Anadolu Agency
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 72 268-ге жетті
Соңғы 48 сағатта Израиль соққылары салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 19 адам жараланған.
2023 жылдың қазан айынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 268 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі соңғы деректерді жариялаған мәлімдемесінде айтылды.
Мәліметке сәйкес, соңғы 48 сағат ішінде Израильдің соққылары нәтижесінде бір адам қаза тауып, тағы 19 адам жарақат алған.
2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату режимінен бері Израиль шабуылдарының салдарынан 692 адам қаза тауып, 1895 адам жараланған. Сонымен қатар қираған ғимараттардың үйінділерінің астынан 756 адамның денесі шығарылған.
Жалпы алғанда, 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан 72 268 адам қаза тауып, 171 995 адам жараланған.
Хабарламада Газа секторында әлі де мыңдаған адамның денесі үйінді астында жатқаны айтылған.