Израильдіктер жаппай Португалия азаматтығын алып жатыр
Он мыңдаған израильдік Португалия азаматтығына өтініш беру үшін Израильдегі Португалия елшілігінің алдында ұзын-сонар кезекке тізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Он мыңдаған израильдік Португалия азаматтығына өтініш беру үшін Израильдегі Португалия елшілігінің алдында ұзын-сонар кезекке тізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Times of Israel сайтының мәлімдеуінше, онлайн-қабылдауға жазылу жүйесіне шамадан тыс жүктеме түскендіктен, елшілік "ескі дәуірге оралу" деп аталған жеке қабылдау күнін ұйымдастырған. Бұл шара күтпеген жерден орасан зор қызығушылық тудырған.
Басылым мәліметінше, елшілік кіреберісінен жерасты автотұрағына дейін созылған кезекте тұрғандардың дені: португал азаматтығына өтініш бергісі келгендер немесе қолындағы португал паспортының мерзімін ұзартқысы келгендер.
Айта кетерлігі, 2015 жылы Португалия XVI ғасырдағы инквизиция кезінде қудаланған сефард еврейлерінің ұрпақтарына азаматтық алуға өтініш беру құқығын беретін заң қабылдаған еді.
Алайда өтініштердің шамадан тыс көп болуына байланысты 2023 жылы португал үкіметі заңның мақсаты орындалғанын мәлімдеп, азаматтыққа өтінім беру шарттарын қатаңдатты.
Израильдіктер Еуропалық одақ елдеріне еркін қатынап-тұру, өмір сүру құнының төмендігі, еуропалық университеттерге жеңіл қолжетімділік және оқу шығындарының арзандығы үшін португал азаматтығын алуға ұмтылады.
2023 жылдың қазанынан бастап, Израиль Газа секторына жаппай шабуыл бастаған уақыттан бері, екінші паспорт алуға ниетті израильдіктер саны айтарлықтай артты. Он мыңдаған израильдік елден кетіп, Португалия азаматтығына деген сұраныс күрт өскені байқалады.
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07
- Алматы тауларындағы әлемдік деңгейдегі курорт: Не салу керек, нені сақтау қажет? 17:50
- 2026 жылы Қазақстанда АӘК тағайындау тәртібі қалай өзгерді және әдістеме қалай жұмыс істейді? 17:30